Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті

Асхат Маемиров, режиссер:

- Жалпы махаббат пен ғадауат, достық дейміз, осы сезімдердің өзегі неде жатыр? Адам кездесетін болса, неге қоштасады, осындай ұғымдардың мағынасын ашуға тырысамыз. Қойылымға театрдың үш буын актерлары жұмылдырылған. Әсіресе жастар үшін бұл спектакль үлкен сын болды.

Абзалбек Асхатұлы, актер:


- Бұл – өте ауыр қойылым. Өйткені бұл театрдағы ең алғашқы рөлім әрі премьера болып табылады. Кешіре білу – үлкен қасиет. Шаңырақты шайқалтпау үшін ерлі-зайыпты адамдар бір-біріне кешірімді болу керек. Қойылым көрерменді осындай ойға жетелейді.