Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыруды жоспарлап отырмыз. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді", - дейді Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камеларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті.