Алқа мәжілісінің барысында атап көрсетілгеніндей, өткен мерзімде прокуратура мекемелері Қазақстан Ата заңының сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуге және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған, еліміздегі демократиялық және экономикалық өзгерістерге түрткі болатын біраз шараларды жүзеге асырды. Бұл шаралар мемлекеттік мекемелер мен лауазым иелерінің еңбек заңы, мүгедектер , қариялар мен басқа да азаматтардың құқығын қорғау саласындағы іс-қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Барлығы 12,5 мың тексерулердің нәтижесі бойынша 43 мыңдай заң бұзушылық оқиғалары әшкереленіп, тосқауыл қойылды. 21 мың қадағалау актілері қанағаттандырылып, соған сәйкес 18 мыңдай заңсыз құқықтық актілер өзгертілді немесе күші жойылды. 23 мың адам түрлі жауапкершілікке тартылып, соның ішінде 137 адам сотталды.
Алғашқы жарты жылдықта прокурорлар 150 адамның құқығын қорғады. Мемлекеттік кіріс ретінде 6,4 млрд. теңге өндіріп алынды.
Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша облыстық прокурорларға прокурорлық қадағалауды одан әрі жетілдіруге, азаматтардың құқығымен бостандығын нақты қорғауға , заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге тапсырма берілді.