Алматыда ҚР білім беру стандарттары бағдарламасының тұсаукесері жасалды

ҚР білім және ғылым министрлігінің орта және жалпы білім беру департаментінің директоры Жауынбай Қараевтың айтуынша, " білім беру стандарттарының бағдарламасы 2002-жылы қабылданған. Қазір ол жетілдіріле түсті. ҚР білім беру стандарттарының бағдарламасы 2003-2004- ші жаңа оқу жылының басында өз күшіне енеді".

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру Академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың айтуынша, ҚР білім беру стандарттарының бағдарламасы қандай да бір пән бойынша талап етілетін міндетті білім минимумын белгілейді.
"1-11 сыныптарға арналған пәндік стандарт дегеніміз - оқушылардың міндетті түрде игеруге тиіс білім көлемін айқындайтын құжат. Барлық сыныптарға арналған оқыту бағдарламасы осы стандартттар негізінде жасалады, ал оқыту бағдарламалары өз кезегінде оқыту-әдістемелік жоспарды дайындауға негіз болады",- деді Асқарбек Құсайынов.