Алматыда ҚР ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша полиция полкінің инспекторына шабуыл жасалды


Бәзбіреулер оның басынан белгісіз бір затпен ұрған. Полиция қызметкері бас сүйек пен ми жарақатымен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Аталған қылмысты тергеу үшін Алматы қаласының ішкі істер департаментінде жедел қызметтің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу басталды.