Екікүндік концерттің кешегі бөлімінде әлемдік деңгейдегі танымал симфониялар орындалды. Олар: Ф. Мендельсон - Рондо-каприччиозо, С. Рахманинов - Паганини тақырыбына вариациялар, П. Чайковский - Пессо-каприччиозо, Й. Брамс - Фортепианоға, скрипка мен виолончельге арналған концерт және С. Рахманинов - Элегиялық трио.
Ал солистер - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова (скрипка), халықаралық конкурстар лауреаттары Ермек Құрманаев (виолончель) және Гүлжан Өзенбаевалар болды (фортепиано).
Концерттің бүгінгі бөлімі «Қазақ фортепиано музыкасының антологиясы» деген атпен өткелі отыр. Солист - ҚР халық әртісі Гүлжәмила Қадырбекова (фортепиано). Сонымен бірге, кеш бағдарламасында Т. Қажығалиевтің 4 бөлімді «Дала аңызы» мен Г. Маканың «Жарқанат пен күн» ертегісінің премьерасы өтеді деп жоспарланған.