Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Өнеріміз саған - Қазақстан» атты фестиваль өтеді

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары Әльфия Байжанова мәлімдеді.    

«Өнеріміз саған - Қазақстан» деп аталатын бұл фестивальде этникалық топтардың өкілдері тек қазақ билерін билеп, қазақ әндерін шырқайды. Сонымен қатар, қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды. Фестивальдің басты мақсаты -   Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтар арасында қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихатту» - деді Ә. Байжанова. 

Фестивальдің құрметті қонағы - Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу.


«Сондай-ақ фестивальге этномәдени орталықтардың этникалық топтарының белгілі өнерпаздары Янис Кайфиди (вокал), Василиса Муромцева (домбыра), Георгий Югай (домбыра), Айдана Садықова (вокал), Фуат Маликов (домбыра) және Қалбинұр Разиева (вокал) қатысады - деді ол

Салтанатты шараны Қазақстанның Музыка қайраткерлерінің одағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен ұйымдастырып отыр.