Алматыда қуаты 4,5 балл жер асты дүмпулері тіркелді

Орталық сейсмикалық обсерваторияның шұғыл ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі ошағы Қырғызстан тауларында, Алматыдан 255 шақырымда болды. Алматыда сілкініс қуаты 4,5 балл, ал Алматы облысы елдімекендерінде 5 балл болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер, құрбан болғандар мен бүлінген ештеңе жоқ.