Аяқасты пайда болған сарқырамадан көлік иелері не істерге білмей, састы. Ал әбден тозығы жеткен жылу магистраліне жоспарлы жөндеу жүріп жатыпты. Сол кесілген құбырдың бірінен су кеткен. Осылайша, жұрт 1 сағаттай температурасы 40 градус ыстық суды тізеден кешті. Төтенше жағдай қызметкерлері әйтеуір әупірімдеп жүріп ағынды тоқтатты. Десе де, диаметрі 800 миллиметр жуан құбырдан атқылаған су аз уақыт ішінде бірнеше көшені көлге айналдырып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ бірнеше автокөлікке зақым келген. Құбырға жауапты - «Алматы электр станциялары» компаниясы екен. Қателік жіберген қызметкерлер жазасыз қалмайды дейді мекеме басшылығы. Айта кетсек, дәл осы ауданда бұған дейін де құбыр талай жарылып, бірнеше адам ыстық суға күйіп қалғаны есте. Бірақ бүгінге дейін бірде бір адам сол апаттар үшін жауапқа тартылмапты.
Бисенбек Сабырқұлов, «Алматы электр станциялары» АҚ өкілі:
-Алдымыз қыс болғасын бәрібір жөндеу жұмыстарын жасау керек. Мынадай жағдай болып қалғасын, енді өзіміз қараймыз. Тексереміз. Айыптыларды жазалаймыз.
Loading...