Ал бүгін коммуналшылар ғимараттарға жылуды қосты. Десе де, тозығы жетіп жарылған құбырдың тек тесігі ғана жамалып, қайта көмілген. Жалпы, Алматыдағы жылу құбырларының 70 пайыздан астамы 30-40 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Сондықтан осы тектес оқыс оқиғаның қайталану қауіпі жоқ емес. Сондай-ақ, апаттан Алматының 45 жастағы тұрғыны зардап шеккен болатын. Жеңіл көлікпен келе жатқан ол қайнаған суға толы шұңқырға түсіп кеткен. Сол кезде ыстық су көлігіне кіріп, аяғын күйдіріпті. Қазір ол үйінде ем алып жатыр. Ал зақымданған көлігінің шығынын сақтандыру компаниясы төлейтін болды.
Loading...