Алматыда құлаған ұшақ жерге екі рет қонбақ болған

"Бастапқы деректер. Ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болса керек. Экипаж екі рет айналып, ұшақты далаға қондырмақ болды. Конструкция бұған мүмкіндік беретін еді. Өкінішке орай, ұшақ төмендей бастағанда, электр желісіне ілініп, күрт айналды да, қанатымен бағанаға соғылды. Соққы салдарынан қанаты жұлынып кетті", — деп жазды Кривошеев әлеуметтік желіде.


Оның айтуынша, қозғалтқышында ақау бары бұдан бұрын осы ұшақпен болған жайттан кейін белгілі. Кривошеевке айтқан дереккөздер бойынша, жақында ұшақтың қозғалтқышы жанып кеткен екен.