Алматыда құлағы естімейтін және көзі зағип жандар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

«Алматыда 2012 жылдың 28 қыркүйегінде «Алтын Қарғалы» қонақүйінде есту және көру қабілеті шектеулі спортшылар арасында биылғы жылдың спорттағы айтулы оқиғасы басталады», - делінген Спорт және денешынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарысқа әлемнің 29 елінен 144 шахматшы қатысады.
Турнирге Ресей, Шотландия, Монғолия, Германия, Литва, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Нигерия, Хорватия, Англия, Швейцария, Украина, Швеция, Чехия, Польша, Италия, Молдова, Словения, Сербия, Болгария, Армения, Венгрия, Израиль, Словакия, Түркіменстан және өзге елдердің шахматшылары келеді.
Қазақстан құрама командасы құрамында 29 спортшы қатысады.