Алматыда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында самбодан ашық чемпионат өтеді


Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізіліп отырған бұл чемпионатқа құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының өкілдері қатысады. Қазірдің өзінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» аймақтық басқармасы, Алматы қаласы ІІД, Республикалық Гвардия, Ішкі әскер, ІІМ Академиясы, ҰҚК Шекара Академиясы, ІІМ оқу орталығы, «Сұңқар» арнайы жасақ командаларынан 60-тан астам спортшы бұл дүбірлі додаға өз бағын сынауға тілек білдіруде.