Алматыда Құранды жатқа оқитындар кім мықтыны анықтады

Сайыстың жүлде қоры - 4 миллион теңге. Бұл дін жанашырларының құйған қаражаты. Ал Алланың мұсылман әлемі үшін түсірген ұлы кітабы Құран Кәрімді қаншалықты меңгергенін көрсетуге келген жандар қаражатқа телмірмеді, бастысы қари атына ие болу. Қасиетті Құранның 30 парасын түгел жатқа соққан жандардың мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы мен сөздерді қаншалықты нақышына келтіре жеткізе алғаны алға тартылды. Жүзден жүйріктер Құран Кәрімнің кез келген сүресін сұрай қалса да сүрінгені жоқ. Қазылардың ұзақ талқылауынан соң қари аты мен 1 миллион теңгелік сыйақы Шымкент өңірінен келген жасөспірімнің қанжығасында кетті.


Құрбан Нехия, сайыс жеңімпазы:

15 жастамыз қазір. 8 жасымнан бастап жаттадым. 10 жасымда бітірдім. Құран маған бақыт берді. Оған өзімнің көзім жетті. Кішкентай кезімнен әкем, ұстаздарым, ағаларым арқасында, Құдай тағаланың берген жеңісі.