Алматыда Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория өнер шеберлерінің мерекелік Гала-концерті өтеді

Концертке аталмыш оқу орнының студенттік симфониялық оркестрі, хоры, халық аспаптар оркестрі, үрмелі оркестрі, домбырашылар, скрипкашылар ансамблі, пианистер квинтеті, «Аңсар» тенорлар квинтеті, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблі өнер көрсететін болады. Шара ҚР халық әртісі, оқу орданың басшысы Жәния Әубәкірованың жетекшілігімен өтеді.

Концерттің басталуы сағат 19:00-де.