Оқыс оқиға Бостандық ауданында "Азия строймонтаж" ЖШС-нің құрылыс алаңында 5-қазанда 10 сағат 45 минутта болған. Жұмысшылар металл құбырды бесінші қабатқа қолмен көтермек болған кезде құбыр құлап кетіп жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан қысқаша тұйықталу болып, үш жұмысшыны тоқ соқты. 25 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болып, екі жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті