Алматыда құрылыс краны құлап, көшедегі көлікті басып қалды


Оқиға бүгін таңертен орын алған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, құрылыс алаңында жүк тасымалдаған кран салмақты шамадан тыс асырған көрінеді. Сондықтан бастапқыда бір жаққа қисайып, кейін жерге құлапты. Жол үстінде болған көліктердің бірін басып қалған ауыр техника, электр желілерін де үзді. Айта кетерлігі, құрылыс алаңының келесі жағында төрт қабатты кеңсе орналасқан. Егер кран сол жаққа құласа апат салдары ауыр болуы әбден мүмкін еді.