Алматыда құрылыс материалдарын шығаратын цех өртеніп кетті


Қызыл жалын туралы алғашқы ақпар кешкі 6-да түсіпті. Дереу өрт ошағына 19 арнайы техника жіберілген. Бірақ қанша жедел жеткенімен өртті бірден ауыздықтау мүмкін болмады. Сыр, басқа да пластмасса заттардан бөлінген иіс пен қою қара түтін өрт сөндірушілерді әбден тығырыққа тірепті. Тек арнайы бетперделер арқылы өртке жақындай алған. Десе де цехтың түгі қалмай күлге айналды. Жалпы өрттің аумағы 800 шаршы метр. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы тұжырым - өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін.