"Тілсіз жау" бірнеше контейнер мен қоймаларды, әкімшілік ғимаратты шарпыған. Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан жедел қызмет өкілдерінің айтуынша, қойма маңындағы үйлерге де от тиген.
Шамамен өртенген аумақтың көлемі 20-30 шаршы метрді құрайды.
Жапа шеккендер жоқ.
Өрт сөндіру қызметі өкілдерінің айтуынша, өрт қойма ішіндегі трактордың ақауынан тұтанған. Салдарынан, бірнеше көліктік техника, КамАз көлігі жанып кеткен.
Қалалық ТЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын кейінірек түсіндіруге уәде етті.