Caravan Logo

Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды

Алматыда құрылысшылар вагончигінде өрт шығу салдарынан бір адам мерт болып, бір адам жараланды

Агенттік ақпаратына сәйкес, өртті сөндірген кезде қаза тапқан еркектің мәйіті табылды. Сондай-ақ, күйікке шалдыққан 1971-жылғы бір әйел ауруханаға жатқызылды.

Өрт 4 сағат 42 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.