Алматыда құтқарушылар жер сілкінісі туралы ақпараттың неге кешіккенін түсіндірді

Алматы жұрты дүмпуді кешкі сағат 8-ден өткен кезде сезді. Дегенмен сейсмологтар афтершок, яғни жер сілкінісі әзір қайталанбайды деп сендіріп отыр. Төтенше жағдай департаментінің тым кеш хабар таратқаны да сыналған. Құтқарушылар мұны өздерінше түсіндірді. Айтуларынша, тұрғындарды қорқытып алмау үшін алдымен полицейлермен бірге қаланы қарап шығып, 3 мың бейнекамераның жазбасын тексеріпті. Сонымен қатар, 8 химиялық өнеркәсіп орнында апат болмағанына көз жеткізіп алғаннан кейін ғана телеарна мен радио және ғаламтор арқылы хабарлаған. Сөйтіп жүргенде 47 минут өтіп кетті дейді құтқарушылар.

Нұрлан Мадияров, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

-Біз зілзаланың болғаны жайлы алғашқы ақпаратты агенттіктерге жібердік. Ал қаладағы жағдайға қатысты тексерілмеген ақпаратты тарата алмаймыз. Алдымен мониторинг жүргізілуі қажет. Сондықтан да біз ресми хабарды 47 минутқа кешіктірдік. 

Loading...