Алматыда құтқарушылардың дабылын тұрғындар елемеді

Қалада тапа-тал түсте осындай шумен сейсмикалық жаттығу басталды. Дабыл дауысы, тіпті, жаңғырып тұрды. Алайда құтқарушылардың айқайына мән берген жан болмады. Көліктер әдеттегідей қозғалып, қала тұрғындары саябақтарда жайбарақат серуендеп жүр. Есесіне сейсмикалық жаттығуға қатысу үшін сабақтан босатылған мектеп оқушылары біраз бой жазып қалған сыңайлы. Құтқарушылар жер сілкінісінен сақтанудың әдістерін түсіндіріп жатқанда, олар селфиге түсіп, мәз-мейрам болысты.              

-Білмеймін, көреміз ғой! Болмай-ақ қойсын.