Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған. Жүздеген тал отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тақырыптық орындықтар қойылды.

Қалада күн сайын кезекшілікте 200-ден астам адам, 80 техника және 3 әуе борты дайын тұрады.

Биылғы жылдың тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды.


Алматы қаласының әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарды.