Алматыда Қырғызстан аумағында соққан шаңды боран салдарынан Тоқтағұл су қоймасының 509 және 515 желілері автоматты түрде өшірілді

Алматы 13 шілдеде 14 сағат 46 минутта Қырғызстан Республикасының аумағында болған қатты шаңды боран салдарынан Тоқтағұл су қоймасының 509 және 515 желілері автоматты түрде өшірілді. "Апат салдарынан Алматы-500 подстанциясының 514, 531 және 219 желілері үзіліп, қаланың барлық аудандарында дерлік тұтынушылар электр жарығынсыз қалды. Қалалық электр желілері бригадаларының күшімен 16 сағат 25 минут пен 21 00 аралығында жарыққа қосу жұмыстары жүргізілді",- деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге, Астанадағы Алматы ауданында 13 шілдеде 15.00 сағатта 400 мм-лік су құбыры жарылды. Апат салдарынан Заречный және Пригородный ауылдарындағы тұтынушылар судан қағылды, "Астана су арнасы" ҚКК су жеткізумен айналысты.

"14 шілдедегі 00 сағат 15 минуттағы жағдаймен "Астана су арнасы" ҚКК-ның 10 адамы мен 5 техникасының күшімен су жіберілді", -деп хабарлайды ТЖМ.