Алматыда Қырғызстан азаматшасынан 5 келіден астам героин тәркіленді

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-наурыз күні Алматыдағы City Plus сауда орталығы маңында Қырғызстан азаматшасы құрықталды. Жүкті келіншекті тексеру барысында бес шүберек қалтаға салынған есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.

«Сараптама нәтижесінде оның ауған героині екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы 5 кг 140 грамм», - делінген хабарламада.

Хабарламаға сүйенсек, «босанар уақыты жақындағын әйелдің қолында ешқандай құжаты болмай шыққан және тергеушілерге жалған мәліметтер берген» көрінеді.

«Қазір мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен әйел туралы нақты мәлімет анықталды», - делінген хабарламада.


Күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылып, екі елдің полицейлері оның Қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.