Алматыда Қырғызстан азаматынан 1 кило героин тәркіленді

Баспасөз қызметінің ақапаратына сәйкес, тәртіп сақшылары "Сайран" автобекетінің маңында шұғыл-профилактикалық шара өткізген. Шара барысында бір күдіктіден ішінде ұнтақ заты бар бума табылды. Сараптама қорытындысы көрсеткеніндей, бумада 1 кило героин болған.

36 жастағы Бішкек тұрғынының айтуынша, ол есірткіні Алматыға тұтыну үшін әкелген. 8 жылдан бері нашақорлар санатындағы жігіт Алматыға жұмыс іздеп келдім депті.