Алматыда Қырғызстан азаматынан 1,6 кг героин тәркіленді

Химиялық сараптама қорытындысы дорбадағы заттың 1,6 кг героин екенін көрсетті.

Тұтқын бейтаныс біреу тауарды Алматыға жеткізіп бергені үшін 300 доллар төлеуге уәде еткенін, дорбадағы заттың не екенін білмегенін жеткізген.
Қырғызстан азаматының үстінен есірткі затын елімізге контрабандалық жолмен әкелгені үшін қылмыстық іс қозғалды.