Полиция ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы "Сайран" автобекетінде ұсталған. Жігіттің іс-әрекеті тәртіп сақшыларының назарына іліксе керек. Оған тінту жүргізген кезде денесіне скотчпен жапсырып алған есірткісі бар дорба табылды.
Күдікті қамауға алынып, бұл дерекке сәйкес қылмыстық іс қозғалды.