«23-30 қыркүйекте алматылықтар мен қала қонақтары Алматыдағы Екінші Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалында әлемнің 28 елінен келген жүздеген қуыршақ әртістері мен олардың кішкентай қуыршақ достарымен кездесуге тамаша мүмкіндігі бар», - делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
Карнавал шеңберінде Румыния, Израиль, Корея, Франция, Түркия, Индонезия, Венесуэла, Ресей, Украина, Литва, АҚШ, Испания, Жапония және өзге елдердің әртістрінің 33 қойылымы мен күнделікті көше қойылымдары өтеді.
Қуыршақ қойылымдары Мүсірепов атындағы театрда, АRТиШОК театрында, Үлкен консерватория залында, «Алмалы» ойын-сауық және сауда орталығы маңындағы алаңда және Мәдениет және демалыс саябағы стадионында өтеді.
Биылғы жылдың ең әйгілі қойылымдарының бірі қорған театрының «Капричио двойной со сливками» (Ресей) , брест театрының «Холстомер», карпат жағалауы театрының «Недотепа из Вертепа», болгар театрының «Любовь к трем апельсинам» қойылымдары болмақ.