"Фестивальдің дәстүрлі ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі.
Биылғы торқалы кинофестиваль ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығы аясында өтпек, бұл күн ЮНЕСКО-ның айтулы оқиғалардың ресми күнтізбегіне енгізілген, делінген кинофестивальдің ресми сайтында берілген хабарламасында.
"Биыл халықаралық конкурсқа қатысу үшін Қазақстан, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия, Қырғызстан, Израиль, Бельгия, Өзбекстан, Ирак, Түркия,Үндістан, Қытай, Малайзия және басқа елдерден 170 картина әкелінді", делінген сайтта.