Алматыда қыркүйек айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 22 202 теңгені құрады


Күнкөрістің ең төменгі деңгейі әдеттегідей қыркүйек айындағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеу арқылы алынды. Бұл көрсеткіш өткен шілде айымен салыстырғанда 0,1 пайызға, ал 2013 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті. 

Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға кеткен шығындардың үлес салмағы - 20,3 пайызды, май мен тоң май сатып алу - 3,4 пайызды, сүт, жұмыртқа және ірімшік сатып алу - 12,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер сатып алу  - 2 пайызды, көкөніс пен жеміс-жидектер сатып алу - 12,2 пайызды, балық сатып алу - 2,1 пайыз, нан өнімдері мен жарма өнімдерін сатып алу - 7,3 пайызды құрады.