Алматыда Қытай мәдениет орталығының тұсаукесері өткізілді

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, "Қытай мәдениет орталығын ашудағы мақсат - екі ел мәдениеттері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа бағытталған жаңаша байланысты бекіту болмақ".

Орталықтың ашылу салтанатына Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының тұрақты мүшесі Ли Чанчунь, мемлекеттік кеңестің баспа істері жөніндегі кеңсесінің жетекшісі Чжао Цичжэн, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжоу Сяопэй, ҚР мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов, ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Мұрат Әуезов қатысты.
Орталықтың мұрағатына көркем және ғылыми әдебиет, энциклопедиялар, мерзімді басылымдар, CD және DVD-дискілер, фарфор бұйымдар, картиналар, фотоэкспонаттар мен қытай мәдениетінің бұйымдары қойылған.