Алматыда қытай ойыншықтарын жұтып қойған бірнеше бала ажалдан аман қалды

Үстел үстіндегі бұл коллекция балалардың мұрыны мен ішінен алынған. Онда ине де, түйме де бар. Дәрігерлердің ойынша, соңғы кездері осындай ұсақ-түйек заттарды мұрынына салып, арты қауіпті жағдайларға апаратын жәйттер көбейіпті. Әсіресе, қытай ойыншықтарының қуат бергіші мен магниттер өте қауіпті.

Дінмұхамед Рузуддинов, дәрігер:

-Әр түрлі ойыншықтардың магниттерін жұтып қойып жатыр.Әсіресе 3-4 жұтып қойса, ішекті бір-бірімен жабыстырады.Ішектерді теседі. Сондай кездерде операция жасаған кездеріміз болды.

4 жастағы Даяна ойнап жүріп, мандариннің қабығын мұрынына тығып жіберіпті. Ол ары кетіп қалғандықтан, баланың тынысы нашарлап жылаған. Ал анасы не болғанын түсінбей, дәрігерге әкелген.

-Енді сіңбір.Мұрыныңнан шықсын бәрі.
Ашылды ма мұрының?Көрдің бе?

Ал 2 жастағы Нұршат қонақта жүріп пульттің қуат бергішін жұтып қойған. Қайта ол ары кетпей өңеште тұрып қалыпты. Десе де, баланың тамағын күйдіріп жіберген.

-Рентгенге түскеннен кейін көрдік баланың мына сүйегіне келіп тірелген екен. Оны былай шығаруға болмайды . Әзер шығарды дәрігерлер.

Даяна немесе Нұршат сияқты балалардың орта есеппен күніне жетеуі дәрігердің көмегіне жүгінеді екен. Әрі жыл санап олардың қатары артып келеді. Сондықтан дәрігерлер ата-аналардың балаға өте мұқият қарауын сұрап отыр.

Loading...