Алматыда Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының мәдениет апталығы өтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәдениет апталығының бағдарламасы аясында "Жаңа ғасыр, жаңа Шыңжан" атты көрме ұйымдастырылады. Шара шеңберінде фотокөрме, ұлттық-этнографиялық мұрағаттар мен қолжазбалар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, Шыңжан ән-би ансамблінің концертін ұйымдастырып, Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының киноапталығын ашу көзделген. Онда қытай кинотүсірушілерінің жаңа көркем фильмдерінің көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында "Қытай мен Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық және мәдени дамуы" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.