Онда бәзбіреулер жас қызды көліктен күштеп алып шығып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.
Видеодан көргеніміздей, басына ақ орамал тартқан әже, қасында бір-екі ер адам бар, бір қызды күштеп көліктен шығара алмай әлек. Қарсыласқан қыз көліктен шықпай, «мама» деп айқайлап жатыр.
Әрілі-берілі өткен көліктердің мемлекеттік нөміріне қарасақ, оқиға Алматы қаласында орын алғанға ұқсайды.
Осы видеоның астына пікір жазандар ескіден қалған дәстүрді ұстанатындар әліде бар екен-ау деп таңғалуда. Тіпті, наразылық білдіріп, видеоға түсірген жігіттің өзін «түсіргенше, көмектеспейсің бе?!» деп айыптап жатыр.
«Алла сақтасын,қайдағы дәстүр?! Барып турған жабайылық! Бұндайларға заң қолдану керек!», - депті пікір жазушылардың бірі.
Пікір білдіргендердің арасында «қыз алып қашуды заңдастыру керек» деп есептейтіндер де бар.