Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты.
Оның сөзінше, ер азамат ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі “Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері” бойынша сотталды. Бұған қоса, Әбдірахманов қылмыскердің суретін жариялады.
“20 жастағы ер азамат тоғайдағы көшелерде қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлық әрекеттерін жасаған”, – дейді ол.
Күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталыпты. Десек те оның қанша уақытқа түрмеге қамалғаны айтылмады. Аталған бап бойынша сотталушы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.