Caravan Logo

Алматыда қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Алматыда қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы маңынан С. есімді азамат ұсталды. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Жантүршігерлік қылмыс 8 қараша күні Медеу ауданында болған еді. Көпқабатты үйдегі қылмыс туралы 
Express Qazaqstan
 жазған болатын.