Алматыда "қызыл" статусы бар 200-ге жуық ережебұзушыға айыппұл салынған

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, олар 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл төлеген, ал үшеуі екі рет төлеген.

Тұрғындарды QR-кодты сканерлеу нәтижесі бойынша "қызыл" сатус анықталғанына (ПТР-сынамасы оң) байланысты кәсіпкерлік нысанға жібермеді. Карантинді бұзғандардың аты-жөні ведомство сайтында жарияланған.

Айта кетейік, алғаш рет "қызыл" статусы бар Алматы қаласының 80 тұрғынының тізімі 23 шілдеде жарияланған болатын. Кейінірек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой заңбұзушылардың аты-жөнін БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданбас бұрын үкіметаралық комиссия, оның ішінде заңды тұлғалардан да кеңес алынғанын түсіндірді.


Өткен аптада "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзғандар саны 86 адам болған еді.