Мемориалды тақта "Алматы" қонақ үйінің ғимаратына орналастырылды, Р.Қошқарбаев бұл қонақ үйінің әкімшілігінде соғыстан кейін 20 жыл жұмыс істеген болатын, тақтаны ол жерге орналастыру туралы өтінішті Алматы ардагерлер кеңесі жасаған , сосын қонақ үйдің әкімшілігі осындай шешім қабылдады, деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов тақтаны ашу рәсімінде.
"Қазіргі уақытта ресми түрде туды лейтенант Р.Қошқарбаев пен солдат Григорий Болатовтың тіккендігі бекітілді.Өкінішке орай, бұл соғыстан кейін 62 жылдан соң мойындалып отыр”, деді ол.
Рәсімге майдандас жолдастары,Р.Қошқарбаевтың туысқандары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.
"ИФ-Қазақстанға" Р.Қошқарбаевтың қызы Әлия атап өткендей, үйде әкесі соғыс туралы әңгіме айтпаған. “Ол өте қайырымды, жұмсақ адам болатын. Соғыста өзіне көмектескен адамдар туралы ғана сөз ететін. Олар әр түрлі ұлттардың адамдары болды”, деді Ә.Қошқарбаева.
Кеңестік офицер Р.Қошкарбаев 1945 жылы 30 сәуір күні Г.Болатовпен бірге рейхстагқа ту тіккен болатын. Осы ерлігі үшін полк басшылығы оны Кеңес Одағының батыры атағына ұсынған, алайда ол Қызыл ту орденімен марапатталды.
Өлген соң 1999 жылы 7-мамыр күні Қазақстан президентінің жарлығына орай Р.Қошқарбаевқа "Халық қаһарманы” атағы берілді.