Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Алматыда Ресей Федерациясы Бас консулдығының есеп-шотын ареске қоюға санкция беру жөніндегі шешімді жоққа шығарды.
" Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясы Дәулет Онгелдиевтің шешіміне орай Алматыда Ресей Федерациясы Бас консулдығының есеп-шотын ареске қоюға санкция беру жөніндегі 26-тамыз күнгі шешім күшін жойды", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" сейсенбіде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
"Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің депозиттік есебінде болған ақша РФ Бас консулдығының банкідегі есеп-шотына қайтарылды", деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Бірнеше жыл бұрын ресейлік дипломатиялық өкілдіктің үстінен Алматы тұрғыны арыз берген, оның таудағы үйін РФ бас консулдығы жалға алған болатын.
Ол үйде өрт болып, үйдің біраз бөлігі өртенген. Үй иесі сот арқылы келтірілген залалдың орнын толтыруды талап еткен.
Ақша өндіру туралы шешімді Алматының сот инстанциясы алдында қабылдаған болатын. Ол көктемде күшіне енген, бірақ бас консулдық оны осы уақытқа дейін орындамаған.