Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Медеу ауданының Көктөбе ауылында 11 қыркүйекте 17 сағат 12 минутта Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы жалға алып отырған екі қабатты коттедждің шатыры тұтанған. Нысан экстерриториалдық нысанға жатпайды.
"Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Ол 18 сағат 10 минутта шоғырландырылып, 19 сағат 03 минутта сөндірілді", - деп хабарлайды мекеме.
Өрттің шығу себептерін Алматы қалалық өртке қарсы күрес департаментінің анықтау бөлімі айналысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті