Биыл Республика күні "Елім менің" деген ұран астында өткізілгелі отыр. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, мерекелік шаралар қаланың барлық ауданында өткізіледі. Салтанатты шараның негізгі бөлігі Республика алаңында өтеді.
Атап айтсақ, ұлттық мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен "Елім менің" атты вокальдық-хореографиялық қойылым ортаға салынады. Мерекелік бағдарламаны бұдан кейін фольклорлық-этнографиялық "Сазген сазы" ансамблі мен "Биг-Бенд" джаз оркестрі жалғастырады.
Кешкісін алаңда биылғы түлектерді студенттер сапына қабылдауға арналған "Талапкер-2003" деген тақырыпта жыл сайынғы қалалық жастар фестивалі өтеді.
Той мерекелік от шашумен аяқталады.