Алматыда Рысқұлов даңғылы ұзартылып, облысқа дейін шығатын болды

Рысқұлов даңғылы Алматының шекарасына дейін жетіп, тағы бір шақырымға, ал Алматы облысының аумағында тағы қосымша төрт шақырымға созылады, деп хабарлайды zakon.kz Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде әкімдік жер телімдерін сатып алуда.

Рысқұлов даңғылының облысқа шығатын жолдары 2022 жылдан бастап төселе бастайды, ал жалпы жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыдағы Рысқұлов даңғылы Алғабас, Теректі ықшам аудандары арқылы Көксай, Іргелі және Кемертоған елді-мекендеріне қарай созылады.