кешкі сағат 19:00-де Қабанбай және Панфилов көшелерінің қиылысында өз сәбиін сатқалы жатқан жерінен ұсталды. Баласын 5 мың долларға бағалаған келіншек оны сатуды бірнеше ай бойы жоспарлап жүрген.
Полиция өкілдерінің айтуынша, ол Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Жезөкшелікпен айналысып жүрген келіншектің Өзбекстанда күйеуі мен 4 жасар баласы қалған.
«Тінту барысында келіншектен 930 мың теңге көлемінде қаржы табылған. Ақша процессуалды тәртіпте тәркіленіп, заттай айғақтар базасына тіркелді. Қазір ҚР ҚК 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәресте 13 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Анасы босанбай тұрып, сатып алатын клиент іздеген екен», - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.
Полиция келіншекті уақытша оқшаулау орнына қамады. Жаңа туылған қыз бала жедел жәрдем көмегімен бөбектер үйіне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша тергеу жалғасуда.