Алматыда сайлау науқанына арналған қаржының 28 проценті игерілді

Алматыға сайлау науқанына арнап жалпы алғанда 85,782 млн. теңге бөлінген, деді Д. Бәйділдинов. Қалада сайлау учаскелерін құру жұмысы аяқталды.

Д. Бәйділдиновтың айтуынша, заңнамаға сәйкес бір сайлау учаскесінде 3 мыңға дейін адам дауыс бере алады. "Осы нормаға сәйкес қазір қалада 443 сайлау учаскесі құрылды. 27-қарашадағы жағдаймен Алматыдағы сайлаушылар саны 841 642 адамды құрап отыр",- деді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы. Оның айтуынша, "сайлаушылар саны өзгеруі мүмкін", өйткені, "еліміздің заңына сәйкес азаматтар Алматыда тікеліп үлгере алады, ал қалаға қоныс аударушылар ағыны үздіксіз келіп жатыр".
Д. Бәйділдиновтың айтуынша, Алматыда электронды дауыс беру тәсілі 265 учаскеде қолданылады. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы сонымен бірге "еліміздің кез-келген азаматы дауыс берудің қандай тәсілін де қолдана алады", дегенді атап өтті. Сонымен бірге ол электронды дауыс беру нәтижелері ҚР Орталық сайлау комиссиясына тікелей түсіп, сонда саналатынын еске салды.