Алматыда "Сайлау туралы" заң жобасы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен сарапқа салынбақ

Бұл шара БҰҰ Даму Бағдарламасының "Азаматтық қоғамдағы ұйымдардың 2004-жылғы парламент сайлауына қатысу потенциалын нығайту" атты жобасы аясында ұйымдастырылмақшы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстелдің мақсаты- "Сайлау туралы" заңға енгізілетін өзгертулерді кең көлемде талқылауға түрткі болу, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың сайлау процессіне қазіргіден де белсенді араласу мүмкіндігі туралы хабардарлық деңгейін арттыру болып табылады.
Дөңгелек үстелге ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшылығы, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім миинстрлігінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың алдағы мәслихат сайлауларына қатысу мәселесі сарапқа салынады. Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау туралы" заңның жобасын ортаға салады деп жоспарланған.