Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Анасы қызын Дарья деп атады. Ол отбасындағы төртінші бала. Натальяның айтуынша, балалардың барлығының салмағы ірі болған. Іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек жағдай емес, дейді дәрігерлер.
Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді
© Photo : Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі
4-ші перзентханада жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 621 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 10 бала туды. Ультра-дыбыстық зерттеу кезінде Дарьяның салмағы 4600-4800 болады деп болжанған.
"Кесарь тілігі арқылы босандыру жоспарланған. Бірақ әйел өзі босанды. Бәріміз дайын болдық. Қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да сәби дүниеге келді", - дейді Алматы 4 перзентханасының акушер-гинекологы Айнұр Иманқұлова.
Ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру. Бұл сырқат бала мен ана резусының қайшылығынан болады.
Сондай-ақ, тұқым қуалаушылық, екінші және кейінгі жүктілік және жүкті әйел көмірсутекті тағамды шамадан тыс жеген жағдайда болуы мүмкін.