Көпірдің сызбасынан бастап, қалыбына дейін өзі орнатқан компания өкілдері жұмысқа жүрдім-бардым қараған. Әрі өздерімен бірге ала келген құрылыс жабдықтары да жарамсыз болып шығыпты. Темір құрастырмалардың күшін дұрыс есептемеген мердігер ақыр соңында бетон құюға «Базис» компаниясына рұқсат беріп, салдарынан көпір құрылысшылардың басына құлаған. Апаттан соң ресейлік компания бірден тапсырыстан қағылыпты. Бірақ сапасыз құрылыстан кісі қаза тапса да, әлі ешкімнің қолына кісен салына қоймаған. Естеріңізге салсақ, алып көпірдің астында 60 жастағы жұмысшы Тоқтасын Иманқұлов жаншылып өлген болатын. Оның денесін құтқарушылар бір тәуліктен соң әрең дегенде шығарып алған. «Қайғылы оқиға құрылысқа кедергі болмай, қайта қосымша тағы 4 бірдей жолайырықты салып қойдық» деп мақтанған жергілікті билік көпірді құлатқан компанияның атын сол күйі айтпай жасырып қалды.
Болат Сауранбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:
-Ол жерде көпір құлаған жоқ! Ол жерде тіреуіштері құлады. Оны Ресей компаниясы дұрыс есептемеген. Сондықтан, бетон қабылдай бастағанда, сол кезде құлады. Бюджеттен біз бір тиын төлеген жоқпыз. Шығын шыққан жоқ. Оның бәрі сол Ресейдің компаниясының есебінен өтеледі.
Loading...