Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астананың Медеу ауданындағы "Денсаулық" атты бақша қоғамдастығының салынып жатқан құрылыс нысанында 23 мамыр күні 17 сағат 45 минутта 16-калибрлі аңшы мылтығының кесігі, Макаров тапаншасының 48 оғы, РГД-5 әскери гранатасы, сондай-ақ, УЗРТМ-2 әскери тұтандырғышы табылған.
Анықталған қару-жарақ пен кесік тергеу шараларын жүргізу үшін Алматы қаласының ҰҚК департаментінің қызметкерлері тарапынан тәркіленген.