Алматыда салық инспекторы пара алды деп айыпталуда


    Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Басқарма инспекторы 2014 жылдың 25 шілдесінде жеке кәсіпкерлікті тарату процесін тездету үшін кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алған. Қаржы делдалдың жеке шотына аударылған»,- делінген хабарламада.

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 311 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.